×

Алматыда танымал блогер есірткімен ұсталды

Оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды

Алматыда танымал блогер есірткімен ұсталды

Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде танымал блогер есірткімен ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Түнгі сағат екіде түнгі клубта 19 жастағы жігіт ұсталды, оның шалбарының оң қалтасынан көк изолентаға оралған, синтетикалық зат салынған үш бума табылды.

"Алдын ала болжамға сәйкес, бұл мефедрон психоактивті заты болуы мүмкін. Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Ұсталған азамат ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жария етілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →