×

Жаркентте ит талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты

Үй иесінің итін түнде босатып қоятын әдеті болған екен

Жаркентте ит талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты
Фото: zoolog.guru

Жаркентте ит талап өлтірген ер адамға қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, 55 жастағы ер адам түнгі сағат екілерде биллиард ойнап келе жатқан. Азды-көпті ішімдік ішкен екен дейді. Атпалдай ер азамат сол себепті де итке шамасы жетпей қалуы мүмкін деп болжап отыр олар.

Ол питбуль асырайтын үйдің тұсынан өте бергенде ит тарпа бас салған. Үй иесінің итін түнде босатып қоятын әдеті болған екен. Сол күні үйдің қоршауындағы үлкен қақпа жабылмай айқара жатқан.

Марқұм осы Жаркентте жиһаз жасаушы болып еңбек еткен. Сол түні ит талағанда ешкім көрмей қалған. Тек таңертең өтіп бара жатқан кісілер көріп қалып, полицияға хабарласқан. Тұрғындардың айтуынша, ит адамның денесін жантүршігерлік етіп талап тастаған.

Полицияның айтуынша итке сот-медициналық сараптама жасалып жатыр. Ары қарай итке және иесіне қандай шара қолданылатыны сол сараптамадан кейін белгілі болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →