×

Қазақстанда 4 жыл ішінде 90-ға жуық сарбаз өзіне қол салған

2020 жылдан бері 270 қазақстандық әскери қызметкер қаза тапқан

Қазақстанда 4 жыл ішінде 90-ға жуық сарбаз өзіне қол салған
inbusiness.kz

Сенат отырысында бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан армиясындағы өлім себептеріне қатысты статистиканы жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz .

Қазиевтің дерегінше, 2020 жылдан бері 270 қазақстандық әскери қызметкер қаза тапқан. Оның ішінде 78 сарбаз – 2020 жылы, 96 – 2021 жылы, 85 – 2022 жылы. 2023 жылдың басынан бері 11 қорғаушы өмірден өтті. Сондай-ақ, жалпы өлім-жітімнің 36 пайызы аурудан, 24 пайызы жол-көлік оқиғасынан, 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсау салдарынан болып отыр.

"Құқықтық статистика комитетінің мәліметі бойынша, 2018-2022 жылдары елімізде 17 631 суицид және 21 332 суицид әрекеті тіркелді. Яғни, 10 мың азаматқа 9 суицид және 11 әрекеттен келеді. Оның ішінде 86 суицид және 20 суицид әрекеті әскерде болған. Яғни, 10 000 әскери қызметкерге шаққанда алты суицид және бір суицид әрекеті. Демек, әскерде өз-өзіне қол жұмсау деректері жиі болады деген қоғамдық пікір ресми деректермен расталмайды", –  деді Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ
Кеше, 21:54

Сара Алпысқызы Болат Назарбаевтың қасына жерленген болуы мүмкін - БАҚ

Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 
2025 жылы зиянкестермен күреске республикалық бюджеттен 7,1 миллиард теңге бөлінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →