×

Өскемендегі сұлулық салонында процедурадан кейін әйел қайтыс болды

Ведомство мәліметінше, 1962 жылы туған азаматша көзге блефорапластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған

Өскемендегі сұлулық салонында процедурадан кейін әйел қайтыс болды

Өскеменде сұлулық салонында процедура жасатқан әйел жансақтау бөліміне түсіп, көз жұмған. Қайғылы оқиғаның болғанын Өскемен қалалық прокуратурасы растады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Altaynews-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 1962 жылы туған азаматша көзге блефорапластикалық ота жасату мақсатында сұлулық салонына барған.

"Сұлулық салонының қызметкерінде медициналық және өзге де қызметті жүргізуге лицензиясы мен рұқсаты болмаса да, көзге арналған процедураны жүргізген. Біраз уақыттан кейін әйелдің жадайы күрт нашарлап, аууханаға жеткізілген. Ол жансақтау бөлімінде есін жинамастан қайтыс болған", - деді Өскемен қаласының прокуратурасында.

Алдын ала болжам бойынша әйел анафилактикалық шоктан қайтыс болуы мүмкін. Осы оқиғаға қатысты полиция қызметкерлері 16 сәуірде Қылмыстық кодекстің 322-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастады.

Осы ретте Өскемен қалалық прокуратурасы сұлулық салондарына және басқа да косметикалық процедуралармен байланысты қызмет көрсететін орындарға барған кезде абай болуды ескертеді.

Сондай-ақ прокуратура қызметкерлердің кәсібилігі мен тиісті рұқсаттардың болуына көз жеткізу керектігін де жеткізді. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →