×

Депутат бұрынғы министрлердің табысы мен дүние-мүлкін тексеру керек екенін айтты

Бізде қай әкімнің қандай бизнесі бар екенін бүкіл Қазақстан біледі. Бұрынғы министрлердің қандай үйі, дүние-мүлкі 1-1,5 млн доллар тұрады

Депутат бұрынғы министрлердің табысы мен дүние-мүлкін тексеру керек екенін айтты
Фото: facebook.com/e.sairov

Қазақстанда бұрын министр міндетін атқарған азаматтардың жеке табысы мен мүлкіне тексеру жүргізу ұсынылады. Бұл туралы депутат Ерлан Сайыров "JJ Talk" бағдарламасының эфирінде айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Депутаттың сөзінше, балық басынан шіриді.

“Жоғары билікте отырған азаматтардың аузын тыймай, бері жағынан тыю мүмкін емес. Бұл жерде жемқорлық проблемасы тек мемлекет пен оның бюджетіне ғана байланысты емес. Бұл жерде банк жүйесі де бар", – деді Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров телебағдарлама эфирінде.

Депутаттың айтуынша, парақорлықпен күресте министрлер мен әкімдердің таза әрі адал қызмет етуі маңызды.

"Бізде қай әкімнің қандай бизнесі бар екенін бүкіл Қазақстан біледі. Маған 30 жыл бизнеспен айналысып келе жатқан азамат бұрынғы министрлердің қандай үйі, дүние-мүлкі барын айтты, құны 1-1,5 млн доллар тұрады деді. "30 жыл бизнеспен айналысып жүрген мен ондай үйді ала алмаймын" дейді әлгі бизнесмен. Менің ойымша, сол бұрынғы министрлердің табысы мен мүлкін тексеру керек. Қазір заң шықты, егер мемлекеттік қызметкер дүние-мүлкін қалай тапқанын дәлелдей алмаса, онда оны мемлекетке қайтаруы тиіс. Осы бағытта жұмысты күшейту керек", - дейді ол.

Бүнымен қоса Ерлан Сайыров міндетін дұрыс атқармаған министрлерді орнынан алу жөнінде ұсыныс айтылатынын және нақты кандидаттардың да барын мәлім еткен еді.

"Ұсыныс білдіреміз. Қазіргі таңда нақты кандидаттар да бар. Бұл жерде атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық. Бүгінде экономика, ауыл шаруашылығы саласында нақты кандидаттар бар. Олардың жұмысына бақылауды күшейтеміз. Бұл жерде әлеуметтік сала да бар. Аталған салаға Еңбек министрлігі жауапты. Түрлі еңбек даулары болып жатады, бірақ біз министрліктің ешқандай рөлін көріп отырған жоқпыз. Әр сала бойынша министрлерге нақты тапсырма берілді. Біздің партияның фракциясы нақты жүктелген тапсырмалар бойынша айына бір рет Үкіметтің есебін тыңдайды. Мысалы, осы жұма "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры жайлы мектеп салу бойынша есеп береді. Шынын айту керек министрлердің мәселесі Парламент депутаттарының аясында болады. Бүгінде Парламенттің Үкіметтің жұмысын бақылаудағы рөлі артып келеді", - дейді ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады
25.04.2024ж. 09:37

Салтанаттың ағасы Айтбек кәсіпкер Райымбек Баталовқа қатысты мәлімдеме жасады

Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды
Байжанов Бишімбаевтың жанында тұрып, телефонның ар жағындағы әңгімені естігенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →