×

Астанада үлескерлерді алдаған 45 адам сотталды

Прокуратура барлық азаматтарды мұқият болуға шақырды

Астанада үлескерлерді алдаған 45 адам сотталды
Ашық дереккөздерден

Прокурорлар Астананың үлескерлеріне ескерту жасап, қандай жағдайда үлестік құрылысқа инвестиция салуға болатынын еске салды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі елорда прокуратурасының сайтына сілтеме жасап.

"Прокуратура азаматтарға заңды айналып өту үшін алдын ала шарт, ниет шарты, инвестиция, брондау және осы сияқты жасырын шарттар жасасатын жосықсыз құрылыс компанияларынан абай болу керектігін ескертеді. Елдің қаражатын тарту үшін құрылыс салушылар тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу жөнінде шарт жасасуға міндетті", - дейді қалалық прокуратура.

Қадағалау органының мәліметінше, соңғы 6 жылда үлескерлердің мүддесі үшін 104 миллиард теңгеге 143 талап арыз жазылған. Нәтижесінде 15 қылмыстық іс қозғалып, 45 адам сотталып, 147 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

Тек екі жағдайда ғана құрылыс салушы үлескерлердің ақшасын үлестік қатысу туралы шартсыз тарта алады:

- қазақстандық тұрғын үй компаниясымен шарт болса;

- құрылыс салушыда әкімдіктің рұқсаты болған жағдайда.

"Барлық азаматтарды мұқият болуға және өз ақшаларымен тәуекел етпеуге шақырамыз", - деп ескертті прокуратурада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастады
Бүгін, 15:07

Қазақстанда Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмысын бастады

Орталық Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымы құрамында жұмыс істейді  
Шілде айының қорытындысы бойынша теңге бағамы 1 АҚШ доллары үшін 540,72 теңгеге дейін, 4%-ға әлсіреді
АҚШ президенті Дональд Трамптың оншақты елге, оның ішінде Қазақстанға қатысты баж салығын енгізу туралы жарлығы күшіне енеді
Гүлшат шетелге бармас бұрын еңбек ететін жерді әбден зерттеп алуға кеңес береді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →