×

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша баспана алу жеңілдеді

Енді қатысушы бұрынғыдай сансыз құжат жинап әуре болмайды

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша баспана алу жеңілдеді
aikyn.kz

«Дипломмен ауылға» жобасы бойынша баспана алу жеңілдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Енді «Дипломмен ауылға» жобасына қатысуға өтінім беру үшін қатысушы бұрынғыдай сансыз құжат жинамай-ақ, otbasybank.kz порталында тіркеліп, ЭЦҚ көмегімен өтінімге қол қойса жетіп жатыр.

Отбасы банкінің мемлекеттік деректер базасымен интеграциялануы және Вlockchain технологиясын қолдануының арқасында азаматтардың түрлі мекемелерге баруын тоқтату мүмкін болды.

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығымен 2023 жылғы 1 сәуірден бастап тұрғын үй сатып алуға немесе салуға кредит беруді және көтерме жәрдемақы төлеуді көздейтін жобаның сенімді агенті болып Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) тағайындалды.   

Енді азаматтардың уақытын үнемдеу және оларға осы мемлекеттік қолдауды алу процесін жеделдету үшін «Дипломмен ауылға» жобасы цифрлық форматқа ауыстырылды. Қазақстандықтардан жаңа өтінімдер otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданатын болады», – делінген аталған банктің таратқан баспасөз мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бағдарламаға ауылдық жерлерге енді ғана келген немесе бұрыннан тұрып жатқан және онда бірқатар кәсіптер бойынша жұмыс істейтін кез келген жастағы қазақстандықтар қатыса алады. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіптік кешен мамандары, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері (әкімдер мен әкімдердің орынбасарларын қоспағанда).

«Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекенінде жоғарыда аталған мамандықтар бойынша талап етілетін қызметкерлердің тізбесін қалыптастыратынын атап өткен маңызды. Дәл осы тізім аясында жеңілдетілген кредиттер беріледі.

Қарыздың ең жоғары сомасы 1500 АЕК-ке дейін, кредит бойынша мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады). Қарыз маман жұмыс істейтін елді мекенде тұрғын үй сатып алуға немесе салуға беріледі. Кредиттің ең көп мерзімі – 15 жыл. Негізгі талап – жобаға қатысушы ауылдық жерде мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істеуі керек», – деген түсініктеме берілген хабарламада.

Еске сала кетсек, күні бүгінге дейін «Дипломмен ауылға» жобасының аясында 38 000 қазақстандық азамат баспаналы болған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Рамазанова сотта Қуандық Бишімбаевтың құқығы шектелгенін айтты
Адвокат Игорь Вранчев жарыссөзде алқабилерге жүгінді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →