×

Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің мәліметінше, осыған дейін елімізде 30-ға жуық жоғары оқу орнының лицензиясы кері қайтарылғанQaz

Биыл 17 жоғары оқу орны жабылуы мүмкін
Ашық дереккөздерден

Аталған бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатына сілтеме жасап.

«Сапасыз білім беретін жеке жоғары оқу орындарының лицензиясын кері қайтару жұмысын жалғастырып жатырмыз. Бұл кезінде Асхат Аймағамбетов қолға алған бастама, жұмыс жүйелі болды. Осыған дейін 30-ға жуық әлсіз, сапасыз, дипломды бизнеске айналдырған жоғары оқу орындарының лицензиясы күшін жойды. Былтыр 15 ЖОО жабылса, биыл 17 жоғары оқу орны кезекте тұр. Яғни олар біздің тексеруімізде», - деді Саясат Нұрбек.

Ведомство басшысының мәлімдеуінше, ЖОО талапқа сай және сапалы жұмыс істеуін арнайы комиссия тексеріп, шешім шығарады.

«Бұл – Президенттің тікелей тапсырмасы, сондықтан бұл бағыттағы жұмыс жалғасады. Біз жеке университеттерге білім сапасы, оқу бағдарламалары, оқытушылардың біліктілігі бойынша нақты көрсеткіштер беріп қойдық. Аталған талаптар орындалмаған жағдайда, біз ол оқу орнын жазалаймыз», - дейді министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңартылмаған базарлар жабылады
Бүгін, 16:12

Қазақстанда 2026 жылдан бастап жаңартылмаған базарлар жабылады

Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады
Нақты қай банктің қызметкерлері тергеуге ілінгенін құзырлы орган ашып айтпайды
39 кен орнының 12-сі – алтын кені

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →