×

«Ганибал» деп жазып қойған: Оқу-ағарту министрі буллингке қалай ұшырағанын айтты

Мұғалімнің психикасын тексеруге тиіспіз

«Ганибал» деп жазып қойған: Оқу-ағарту министрі буллингке қалай ұшырағанын айтты
Ашық дереккөздерден

Әлеуметтік желіде Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтің аудио жазбасы тарады. Онда министр мұғалімдерді аттестау қалай өзгеретінін және өзі мектепте ұстаздық еткен жылдары оқушылар тарапынан қандай буллингке ұшырағанын айтқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.


- Талантты, білімді болашақ мұғалімдерді іріктеп алу үшін колледждер мен жоғары оқу орындарына зерттеу жұмыстарын жүргіземіз. Сосын болашақ педагогтарға екінші-үшінші курстан бастап, психология бойынша тест тапсыртамыз. Мұғалім болуға психикасы келе ме, сол жағын анықтаймыз. Мектепке барған мұғалім баланың мінезін білуі керек және оның оқушылардың жан-дүниесін түсінуі қажет. Бала болған соң, неше түрлі әрекеттерге баруы мүмкін, - дейді министр.


Ол осы ретте өзі ұстаздық еткен жылдары оқушылар тарапынан қандай буллингке ұшырағанын айтты.


- Орыс мектебінде қазақ тілінен сабақ бердім. Сол кезде орындығыма кнопка қойды. Отырған үстелімді бормен жазып тастаған кездері де бар. Тіпті, менің есімім Ғани ғой, білесіздер. Тақтаға «Ганибал» деп жазып, намысыма де тиген сәттер де кездесті. Соның бәрін көтеру керек. Мұғалім болу оңай емес. Бала білместікпен істейді. Осындай жағдайларды мұғалім көтере ала ма? Психикасын тексеруге тиіспіз, - дейді Ғани Бейсембаев.

Бұған дейін министр мұғалімдерді аттестау процесі қалай өзгеретінін айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →