×

Мұғалімдерді аттестаттау процедурасы толық өзгереді - министр

Методика мен психология, педагогика бойынша тест сұрақтары алып тасталады

Мұғалімдерді аттестаттау процедурасы толық өзгереді - министр
Ашық дереккөздерден

Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді аттестаттау процедурасы өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

- Біз қалай балаларымызды әдістемені толтыруды білмейтін мұғалімнің қолына береміз? Жаңа ғана Астана қаласының ұстаздарымен кездестім. Мұғалімдерді аттестаттау процедурасы толық өзгереді. Бұл жерде мұғалімдерге және студенттерге қатысты өзгерістер болмақ. Біріншіден, бұрыннан істеп жатқан мұғалімдердің пәндік тестерін көбейтеміз. Қазір 30 сұрақ болса, енді 100-ге дейін жеткіземіз. Өз пәнін білмейтін болса, қалай сабақ береді? - дейді министр.

Ол бірақ аттестациялау кезінде методика мен психология, педагогика бойынша тест сұрақтарын алып тастаймыз деп отыр. 
Бұған дейін Ғани Бейсембаев зейнет жасына дейін 5 жыл қалған мұғалімдерді, егер олар жұмысын әрі қарай жалғастырмайтын жағдайда, аттестаттау рәсімінен босату қарастырылып жатқанын айтқан болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →