×

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен күдікті ұсталды

Ол көз жұмған әйелмен бірге тұрды деген болжам бар

Алматыда әйелдің басын кесіп, базарға тастап кеткен күдікті ұсталды
orda.kz

Алматыда саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алматы қалалық Полиция департаменті Шолохов көшесіндегі саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдіктінің ұсталғанын хабарлайды.
Сот санкциясымен 1962 жылы туған азамат И. қамауға алынды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыстың жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды.
Қазір Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында сараптамалар тағайындады», –  делінген хабарламада.

ҚР Қылмыстық процессуалдық кодексінің (ҚР ҚПК) 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге мәлімет жария етілмеді.

Полиция еске салып өткендей, ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, әрбір адам сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Бүгін, 18:45

Жалпыға бірдей декларация: 2025 жылы жеке кәсіпкерлер үшін не өзгереді

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →