×

СІМ Қытай елшісінің мәлімдемесіне пікір білдірді

ҚХР Қазақстанның тәуелсіздігін мойындайды

СІМ Қытай елшісінің мәлімдемесіне пікір білдірді
Sputnik / Болат Шайхинов

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытайдың Франциядағы елшісі жасаған мәлімдемеге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Бұған Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі жауап берді. Біз сол позицияны қолдаймыз. Осы тұста 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-ға мүше болғанын айта кетейін. Ал еліміз 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялағанда Қытай алғашқылардың бірі болып Қазақстанның тәуелсіздігін және аумақтық тұстастығын мойындады", –  деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол қос ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанын, тату көршілік және достық туралы шартқа қол қойылғанын атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың Франциядағы елшісі бұрынғы КСРО елдерінің тәуелсіздігіне күмән келтірген еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →