×

СІМ өкілі Кореяда ұсталған екі қазақстандық жайлы пікір білдірді

Прокуратура істі сотқа берді

СІМ өкілі Кореяда ұсталған екі қазақстандық жайлы пікір білдірді
informburo.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Кореяда ұсталған екі қазақстандық азамат туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Кореядағы азаматтармен біздің консул кездесіп келді. Уақытша тергеу изояторында ұстауға қатысты олардың шағымы жоқ. Олардың туыстарымен байланыстамыз. Прокуратура істі сотқа берді. Енді соттың алғашқы отырысы мамыр айының ортасында болады деп күтілуде. Өздеріңіз білетіндей, бұл жігіттер өте күрделі заң бұзды деп айыпталып жатыр. Соттың шешімін күтеміз”, – деді ол.

Еске сала кетейік, екі қазақстандық Оңтүстік Корея шекарасынан заңсыз өтпек болған еді. Бұл оқиға Оңтүстік Кореяда қоғамдық резонанс тудырды. Кейінірек олардың бірін жергілікті полиция ұстады, ал екіншісі өз еркімен берілді. Осыдан кейін Оңтүстік Кореяда қазақтарды жұмыстан шығара бастап еді

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →