×

Суданнан үш қазақстандық әйел эвакуацияланды

Олар Суданнан елдегі қарулы қақтығысқа байланысты кетуге мәжбүр болды

Суданнан үш қазақстандық әйел эвакуацияланды
Фото: Samir Bol / Reuters

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Суданнан үш қазақстандық әйел эвакуацияланғанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі 

Олар Суданнан елдегі қарулы қақтығысқа байланысты кетуге мәжбүр болды.

"Олардың бірі БҰҰ жүйесінде жұмыс істеген, ол қазір Эфиопияда, Аддис-Абебада. Ал тағы бір азамат жапондық компанияда жұмыс істеген, оны да жапон дипломаттары эвакуациялады".Айбек Смадияров

 

15 сәуірден бері Суданда тұрақты армия мен әскери құрама арасында қақтығыстар болып жатыр, салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып жатыр, бұның соңы азаматтық соғысқа айналуы мүмкін. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Еліміздегі әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды әуежайда сақтау тәжірибесі тоқтатылады
Әкімдік Берденовтің қызметінен кеткенін растамады 
Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →