×

«Жайлы мектеп» жобасы: депутаттар дабыл қақты

«Жайлы мектеп» жобасы қазақстандық өндірушілерді тапсырыспен, ал мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге арналған

«Жайлы мектеп» жобасы: депутаттар дабыл қақты
фото: ашық дереккөзден

 

Депутат Samruk-Kazyna Construction қымбат әрі күрделі «Жайлы мектеп» жобасын шырқ үйіріп әкететіне күмән келтіреді, сыбайлас жемқорлықтың туындайтынын жоққа шығармайды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

 


“Келесі жылы заң бұзушылық, тиісті нәтижеге жетпеу, сапасыз құрылысты көреміз-ау, шамасы қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Әкімдіктер бизнестің қатесі мен кемшіліктерін түзетуге мәжбүр болады”, – деді Болатбек Әлиев.



«Жайлы мектеп» жобасы қазақстандық өндірушілерді тапсырыспен, ал мамандарды жұмыспен қамтамасыз етуге арналған. Өңдеу өнеркәсібі одағының басшысы Марат Баққұлов отандық өндірушілер жоба аясында тапсырысты 100 пайызға орындай алады деп есептейді. Бірақ арзан тауарлар Ресейден біздің нарыққа сау ете қалса, біраз түйткіл туындайды.


“Рубль бағамы төмендейді деген жалғыз қауіп бар. Қазір көптеген ресейлік өндіруші санкцияға ұшырады. Олар өз өнімдерін арзандатуға мәжбүр, олардың өнімдері сапасыз, бірақ арзан болады. Сондықтан қазір олардың ахуалы, экономика жағдайына байланысты олардың материалдары осында келуі мүмкін деген қауіп-қатер бар”, – деді ол депутаттарға.


Қазіргі таңда елімізде 270 мың оқушы орны жетіспейді. «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынатын 401 оқу орны заманауи жабдықтармен, сапалы жиһаздармен, интернетпен қамтылады деп күтіліп отыр. Онда жеке шкафтар мен трансформер парталар, интерактивті құрылғылар, TOUCH/LED экрандары орнатылады. Кейбір депутаттар оқушы орындарының жетіспеушілігін қарапайым мектеп салумен шешуге болады деп есептейді. Әйтеуір, үш ауысымды, апаттық немесе ағаш мектептерден құтылсақ болғаны. Бірақ жобаны іске асыру туралы шешім бұрын қабылданып қойған.


Жиынды қорытындылай келе, Amanat фракциясының басшысы Елнұр Бейсенбаев үдерісті тұрақты түрде партия тарапынан бақылауда ұстауға уәде берді. Алайда билеуші партияның қырағылығы жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықтың өркендеуіне ешқашан кедергі болған емес.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →