×

Жетісу облысында оқушы көлікпен 4 жасар бүлдіршінді қағып кетті

Полиция кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін бермеу керектігін ескертеді

Жетісу облысында оқушы көлікпен 4 жасар бүлдіршінді қағып кетті
Фото: видеодан скрин

Жетісу облысында 4 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда қатты жылдамдықпен жүрген автокөлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қалай қағып кеткені көрінеді.

Жол апаты 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болған. Аймақ полициясы ақпаратты растады.

"Сарқан ауданының полицейлері іс жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады ведомство.


Полиция кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін бермеу керектігін ескертеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →