×

Үкімет қазақ тіліне тағы да қарсы шықты - Мәжіліс депутаты

Тіл тұжырымдамасы 2023 жылғы 11 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілер порталында (Ашық НҚА порталы) жарияланған

Үкімет қазақ тіліне тағы да қарсы шықты - Мәжіліс депутаты
Коллаж: qaz365.kz

Үнемі тіл мәселесін көтеріп жүретін Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса Үкіметтің мемлекеттік тілге жасаған қиянатын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

20 сәуірде ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл комитетінің «Тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама жобасын бекіту туралы» ҚР Үкіметінің қаулы жобасынан «Мемлекеттік тіл туралы» арнайы заң әзірлеу маңызды мәселе» деген тұжырым алынып тасталыпты.

Тіл тұжырымдамасы 2023 жылғы 11 сәуірде ашық нормативтік құқықтық актілер порталында (Ашық НҚА порталы) жарияланған.

Сонымен қатар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға және Ғылым және жоғары білім мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығына сараптамаға жолданған.

“Қоғам тарапынан 11-24 сәуір аралығында ашық порталда тұжырымдама жобасына 4103 қаралым жасалынып, 126 пікір түсті. Барлығына жауап берілді. Пікірлер негізінен мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау, тіл оқыту орталықтары оқытушыларының мәртебесін айқындау, жалақыларын көтеру, латын әліпбиіне көшу мәселелерін қолдаған”, - дейді Қазыбек Иса.

Ол ешқандай түбегейлі қарсы пікірлер жазылмағанын алға тартты. 4103 қаралымның барлығы қолдап, ешкім қарсы шықпаған. Тек 11 дизлайк қана бар деп отыр.

 “Тұжырымдама жобасының алғашқы дұрыс нұсқасы Ашық НҚА порталына 11 сәуір күні орналастырылды. Ал мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау қажет деген талапты алып тастап, өзгертілген бұрыс нұсқасы 20 сәуір күні қайта орналастырылды”, - дейді ол.

Қазыбек Иса “Үкімет халық талабына қарсы ма? Тәуелсіздігіне 32 жылдан асса да, көлеңкесінен қорқатын біздің билік тұжырымдаманы қарап, қолдаған 4103 адамның 4092 адамын есептемей, қарсы басылған 11 дизлайктан шошып отыр ма?” деп күйінішін білдірген.

Қазақ қазынасынан тендер алып отырса да, қазақ тіліне қарсы шығуды әдетке айналдырған, жалпы, ұлт мүддесіне қарсы жұмыс істейтін 3 сайттың сынынан қорқып отырсыңдар ма? Онда, бұл масқара әшкереленген соң бас көтеретін қазақтілді жүздеген БАҚ пен миллиондаған наразылық танытушыларға не дейсіздер ертең, Көлгінов мырза мен Балаева ханым?!” - дейді депутат.

Ол өзімен бірге Максим Рожин, Ермұрат Бәпи, Самат Мұсабаев, Еділ Жаңбыршин, Нартай Араьбайұлы, Нұрлан Әуесбаев, Асқар Садықов, Ержан Бейсенбаев, Ринат Зайытов сияқты 11 депутаттың қолын жинаған. Мәжілісмендер тіл тұжырымдамасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі бастапқы нұсқасы қайта қойылып, тұтастай қабылдануы тиіс деген талап қойып отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →