×

Белгілі экономист "Ирина Кайратовна" тобына "Қаңтар" туралы кино түсіруге ұсыныс жасаған

Олар ойланып көретінін жеткізді

Белгілі экономист "Ирина Кайратовна" тобына "Қаңтар" туралы кино түсіруге ұсыныс жасаған
tribune.kz

«Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес» атты кітаптың авторы, экономист, бірнеше министрлікті басқарған бұрынғы шенеунік Жақсыбек Құлекеев «Ирина Кайратовна» тобына қаңтар оқиғасы туралы фильм түсіруге ұсыныс жасағанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz NEGE порталына сілтеме жасап.

«Ирина Кайратовна» деген топтың «Отыздан асып барамын» деген фильмін көрдім. Сол кездің өзінде 10 миллионнан астам қаралым болған. Жап-жақсы, ұнады. Олардың кино түсіруі өте қарапайым екен. Бұрынғы тарихи жағдайларды әр жерден алып, қоя салған. Бәрі бір баланың тағдырымен байланысты. Содан сол жігіттерді шақырып, сөйлестім”, - дейді Жақсыбек Құлекеев.


Ол топ жігіттеріне «Қаңтар оқиғасы туралы фильм түсіретін болсаңдар, бұған қызығушылық екі есе болады. Қаражат жағына бәріміз жабылып, демеуші іздейік» деп ұсыныс айтқан.

Олар ойланып көретінін жеткізді.

“Екінші рет кездескенде «Өзім сценарийін жазуға көмектесейін» дедім. Нақты жауабын айтпай, көп созып жүріп алды. Біріншіден, хабар болмады. Екіншіден, бір концертте ішіп алып, Қазақстан туын қорлағанына менің де көңілім қалды”, - дейді экономист.


Жақсыбек Құлекеев сосын сценарийге керек болып қалар деген материалдарды алып, бас-аяғын жинағанын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды
Кеше, 13:01

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы кеден 3,5 айға жабылды

Шекарадан өтуге жеке тұлғаларға, жеңіл автокөліктерге, автобустарға және 3,5 тоннаға дейінгі көлік құралдарына қатысты уақытша тыйым САЛЫНДЫ
Шамалған ауылындағы Назарбаевтар әулетінің қорымында жаңа қабір пайда болғаны белгілі болды
Ол үшінші тұлғаға 2 000 гектардан астам жерді сатып жіберген
Сот компанияны өтемақы төлеуге міндеттеді. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →