×

Fly Dubai ұшағы Катмандудан ұшып шыққанда өртенді

Ұшақ соған қарамастан ұшуды жалғастыру туралы шешім қабылдаған

Fly Dubai ұшағы Катмандудан ұшып шыққанда өртенді
РИА Новости/Максим Блинов

Непалдағы Катманду әуежайынан ұшып шыққан Fly Dubai ұшағынан өрт шықты. Әлеуметтік желіде жанып жатқан ұшақтың видеосы пайда болды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ani агенттігіне сілтеме жасап.

"Fly Dubai ұшағы Катманду әуежайынан ұшып шыққан кезде өртеніп, әуежайға қонуға әрекеттеніп жатыр. Өрт сөндіру машиналары әуежайда", - деп жазды Ani агенттігі Twitter парақшасында.

Алайда Flightradar қызметінің хабарлауынша, ұшақ соған қарамастан ұшуды жалғастыру туралы шешім қабылдаған. Мұны The Katmandu Post растады.

Кейін Непалдың азаматтық авиация басқармасы төтенше жағдай болмағанын, Fly Dubai ұшағы Дубайға кесте бойынша ұшатынын мәлімдеді.

 

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырау облысында 55 әлеуметтік нысан салынды
Бүгін, 19:22

Атырау облысында 55 әлеуметтік нысан салынды

Биыл тағы 57 әлеуметтік нысанның құрылысы аяқталады деп  жоспарланып отыр

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →