×

Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу мүмкін бе

Мұндай ұсынысты Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтаев пен Жанарбек Әшімжанов жасаған болатын.

Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу мүмкін бе
Ашық дереккөздерден

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Евгений Кочетов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Евгений Кочетов Мәжіліс депутаттарының Қазақстанда TikTok-қа тыйым салу туралы ұсынысына қатысты АҚДМ ұстанымын жеткізді.

"Министрліктің ұстанымында тыйым салу деген сөз, мәселен6 кейбір ақпараттық ресурсқа немесе TikTok-қа деген - мүлдем бірегей ұғымды білдірмейді.  Біз, керісінше, әртүрлі әлеуметтік медиа құралдардың қолданылуы, сол арқылы баршаның белсенді талқысын қолдаймыз. Бірақ, бұл арадағы маңызды жайт, әрине6 барлығы заң шеңберінде болса. Яғни, егер белгілі бір мәселелерді талқылау аясында, соның ішінде TikTok-та заңды бұзу мәселесі туындаса, біз осы құралдар шеңберінде белсенді түрде жауап қатуға міндеттіміз", - деді ол.

Вице-министр cөзін қорытындылай келе, АҚДМ тыйым салу туралы ешқашан сөз қозғамайтынын тағы да атап өтті.

"Біз қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер шеңберінде әрекет етуді қолдаймыз", – деп сөзін түйіндеді ол.

Бұған дейін Мәжіліс депутаттары Аманжол Әлтаев пен Жанарбек Әшімжанов Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер арасында TikTok әлеуметтік желісін қолдануға тыйым салуды ұсынған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды
Кеше, 19:48

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылының арасына арнайы бағыттағы автобус жүре бастайды

Үшарал әуежайы мен Ақши ауылы арасында автобус маршруты ашылады
Базарларды жаңғырту барысы бағытында Сауда министрлігі артта қалған өңірлерді атады
Мемлекет басшысы алдағы Ұлттық  домбыра күнімен құттықтады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →