×

Үш адамды ажалдан арашалап қалған өрт сөндіруші Асқар Забикуллин қайтыс болды

Жұмыста ол –  еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін жоғары бағаланған

Үш адамды ажалдан арашалап қалған өрт сөндіруші Асқар Забикуллин қайтыс болды
Аскар Забикулин. Фото: МЧС РК

Үш адамды ажалдан арашалап қалған өрт сөндіруші Асқар Забикуллин қайтыс болды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды деп qaz365.kz тілшісі.

"Бүгін ауруханада өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің қайтыс болғаны белгілі болды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бірнеше күн бойы күресті. Асқар 16 қарашада Астанада болған өрт кезінде адамдарды құтқаруда батылдығымен көзге түсіп, ерлік көрсетті.Төтенше жағдайлар министрлігі Асқар Забикулиннің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның өз ісінің білікті маманы ретінде атқарқан ісі мен жарқын естеліктері біздің жүрегімізде мәңгі қалады. Асқар – жарқын жүзді адам, жауапты қызметкер, кәсіби күрескер және білікті маман болды. Жұмыста ол –  еңбекқорлығы, әділдігі және мамандыққа деген сүйіспеншілігі үшін бағаланды", – деді Руслан Иманқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Мемлекет басшысының атынан Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мен Астана қаласының әкімі Алтай Көлгінов өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер сертификатын табыс еткен болатын. Пәтер демеушілік қаражат есебінен берілген.

"Өрт сөндіруші Аян Кемпіровтің отбасына ипотеканы өтеуге көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, Асқар Забикулин мен Аян Кемпіровтың отбасыларына несиелерін өтеуге жалпы сомасы 6 миллион теңгелік қаражатпен көмектесу туралы шешім қабылданды", – делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →