×

Exit poll нәтижесі жарияланды

"Ашық қоғам" институты президент сайлауы бойынша Exit Poll нәтижесін жариялады:  

Exit poll нәтижесі жарияланды
Ulysmedia.kz

"Қазақстан" телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша "Ашық қоғам" халықаралық аймақтық зерттеулер институты жүргізген сауалнама нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі.

"Ашық қоғам" жүргізген президент сайлауына байланысты сауалнама нәтижесі сағат түнгі он екіден кейін жарияланды. Сауалнама алушылар 1062 сұхбатты 354 учаскеде жүргізілген. Сауалнама бойынша, сайлаушылардың келуі 67,8 пайызды құраған.

Нәтиже мынадай:

Қарақат Әбден – 2,54 пайыз;

Нұрлан Әуесбаев – 2,17 пайыз;

Жигули Дайрабаев – 3,33 пайыз;

Мейрам Қажыкен – 2,23 пайыз;

Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45 пайыз;

Салтанат Тұрсынбекова – 2,08 пайыз;

Бәріне қарсымын – 5,2 пайыз.

Еске сала кетсек, Қазақстанда бүгін Қазақстан Республикасы президентінің кезектен тыс сайлауы өткізілді. Сайлау күні белгіленгеннен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беретінін» айтқан. Президент сайлауына кандидаттарды ұсыну 23 қыркүйекте басталып, оннан аса үміткер президенттікке ұсынылған. Алайда олардың алтауы іріктелді. Қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге, сайлауға Салтанат Тұрсынбекова, Мейрам Қажыкен, Нұрлан Әуесбаев, Қарақат Әбден, Жигули Дайрабаев түсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Бүгін, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →