×

Қазақстанда кімнің кланы күшті

Жақсыбек Құлекеев кландар шайқасы жайлы айтты

Қазақстанда кімнің кланы күшті
«Сұрауы бар» Youtube арнасы

“Назарбаевтың кланы, яғни соның шабарманы болған азаматтардың қоғамда ықпалы зор”. “Қаңтар оқиғасы: Ақорда үшін күрес” атты кітапты екі айда жазып шыққан экс-шенеунік Жақсыбек Құлекеев Nege.kz-ке берген сұхбатында осылай деп айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Меніңше, әлі де елді 30 жыл басқарған Назарбаевтың кланы, яғни соның шабарманы болған азаматтардың қоғамда ықпалы зор. Біз бұлардан жуық арада құтыла алмаймыз. Ол үшін тағы 10-15 жыл керек”, – деді ол.

Сондай-ақ ол Назарбаев кланы билік транзиті кезінде шалыс қимыл жасағанын айтқан еді. Журналист одан кландар шайқасы қашан аяқталатынын сұрады.

“Әзірше тоқтамайды. Бұл өте қиын мәселе. Бұл жерде асығыстық жасауға болмайды. Не болса да, заң шеңберінде ғана жасау керек. Осы тұрғыда халықтың көбі шыдамсыздық танытып, «Неге ананы соттамайды? Неге дүниесін тартып алмайды? Соның кезінде қызмет істеген адамдар неге әлі жүр?» деп жатыр. Ал оның ішінде жазығы бары да, жоғы да болуы мүмкін. Егер мемлекет басында отырған азамат бұрынғыдай заңсыз әрекетке жол берсе, бұл заңсыздықты тудыра береді. Онда біз ешқашан заң үстемдік еткен зайырлы мемлекет бола алмаймыз”, – деп жауап берді экс-шенеунік.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
10.05.2024ж. 12:30

Бишімбаевтың ісі: келесі сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды

Экс-министрге қатысты кезекті сот отырысы қашан өтеді
Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →