×

Тікелей эфирде Ердоғанның денсаулығы күрт нашарлап, сұхбатты соңына жеткізе алмады

Біраз үзілістен кейін Президент тікелей эфирге қайта қосылған

Тікелей эфирде Ердоғанның денсаулығы күрт нашарлап, сұхбатты соңына жеткізе алмады
© РИА Новости / Павел Бедняков

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның тікелей эфирдегі сұхбаты кенет үзілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өйткені, ол өзін нашар сезінген.

Әлемдік ақпарат құралдарының жазуынша, Республика басшысының сайлауалды науқанға байланысты уақыт тапшылығынан сейсенбі күні кешке ұйымдастырылды. Журналист министрлер кабинетіндегі қандай өзгерістер боларын сұрай берген кезде тікелей эфир кенеттен үзілді. Оның сұрақ қойылғаннан кейін ұзақ жауап бере алмай, отырып қалуы әлеуметтік желілерде біраз талқыға салынды.

Видеодан жөтелген дауыс естіледі және БАҚ-тың жазуынша, "О, Құдайым!" деген сөздер айтылған. 

Біраз үзілістен кейін президент тікелей эфирге қайта қосылған, бірақ модератордың екі қысқа сұрағынан кейін хабар аяқталды. Осы ретте Ердоған эфирді жалғастыра алмағаны үшін Түркия азаматтарынан кешірім сұраған. 

“Ең алдымен, сіздерге денсаулық тілеймін. Кеше және бүгін біраз сайлау жұмыстары болды. Сондықтан болар, мен ауырып қалдым. Негізі бағдарламаға келе алмаймыз деп ойладық, бірақ біз уәде бергеннен кейін келдік. Мен сіздерден және біздің көрермендерден кешірім сұраймын”, - деді Ердоған.

Кейін президенттің ресми өкілі Ибрахим Калын Twitter-де Ердоғанның денсаулығы жақсы екенін айтты. 

“Президентіміздің денсаулығы Аллаға шүкір, жақсы”, - деп жазды Калын.

Айта кетейік, 14 мамырда Түркияда президент сайлауы  өтеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек
Кеше, 18:21

Бишімбаевтың отбасын «қаралаған» журналистерді адвокаты сотқа бермек

Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ
Ол Алқабилерден шешім қабылдамас бұрын ойлануларын сұрады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →