×

Соңғы 10 жылда Қырғызстан жүздеген қылмыскерді Қазақстанға ұстап берді – бас прокуратура

Екі ел арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек келісімшарты 1996 жылы рәсімделген

Соңғы 10 жылда Қырғызстан жүздеген қылмыскерді Қазақстанға ұстап берді – бас прокуратура
baq.kz

Соңғы он жылдың ішінде Қырғызстан өз жерінде жасырынып жүрген 134 қылмыскерді ұстап, Қазақстанға тапсырды. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы азаматтық және қылмыстық iстер жөніндегі өзара құқықтық көмек келісімшарты 1996 жылы рәсімделген.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, содан бері ешқандай проблема болмаған. Көрші елдің мамандары барлық тергеу тапсырмасын орындап, құқықтық көмек көрсетті. Қазақстан да өз міндетін бұлжытпай орындап келеді.

"Біз бір-бірімізге кедергі жасаған емеспіз. Мәселен, соңғы он жылдың ішінде қырғыз тарапы өз жерінде іздеу шараларын жүргізіп, 134 қылмыскерді ұстап берді. Барлығын Қазақстанға тапсырды. Олар көрші елде жасырынып жүрген", - деді Шындалиев сенаттың бүгінгі отырысында.

Екі жақты келісімшартта материалдық құндылықтар мен ақшаны қайтару шаралары да қарастырылған. Бірақ осы уақытқа дейін Қазақстан да, Қырғызстан да ондай сұрау салмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті
Кеше, 17:20

Қазақстан азық-түлікке қолжетімділік жағынан Ресей мен Қырғызстаннан озып кетті

Сарапшылардың айтуынша, ЕАЭО құрамындағы басқа елдердегі жоғары инфляция аясында Қазақстан баға өсімін тежеуді жалғастырып келеді
Аталған жағдай бірінші рет тіркеліп отырған жоқ.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2025 жылдың бес айында Қазақстанда 23,8 мың тонна балмұздақ пен тағамдық мұз өндірілген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (2024 жылғы қаңтар-мамыр - 20,3 мың тонна) 17,1% артық.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →