×

Жақып Асанов Күдебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Ол Күдебаевтың ұсталғанын естімегенін айтты

Жақып Асанов Күдебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді
baq.kz

Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов Алматы облысы ПД бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың ұсталуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Ол Күдебаевтың ұсталғанын естімегенін айтты. Журналистер Асановтан Күдебаевтың қашуға оқталғаны үшін жазасы күшейе ме деп сұрады. 

“Заңгер ретінде айтайын. Бұл факт бойынша қайтадан іс тіркеліп, айтпақшы ол тіркелген, тергеу жүргізіліп, соның нәтижесінде жеке қарастырылуы керек. Мен қанша жыл қосылатынын айта алмаймын. Бұл біліктілікке байланысты, сол баптың санкциясына байланысты. Мен қазір ештеңе айта алмаймын, қандай бап екені есімде жоқ. Әрине, бұл оның жауапкершілігін ауырлатады”, – деп жауап берді ол.

Журналистердің “біздің еліміздің арнаулы қызметі әлсіз бе” деген сұрағына қазір бұл салада жұмыс істемейтінін айтты. Дегенмен де, Күдебаевтың қашып кетуін қасақана жасалған әрекет деп есептейтінін жеткізді.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →