×

Бішкек соты мәдениет министрлігінің Азаттықтың жұмысын тоқтату туралы өтінішін орындады

Министрлік "БАҚ туралы заңда" соғысты насихаттауға тыйым салынғанын алға тартқан

Бішкек соты мәдениет министрлігінің Азаттықтың жұмысын тоқтату туралы өтінішін орындады
VYACHESLAV OSELEDKO/AFP via Getty Images

Бішкек соты ақпарат құралы ретінде Азаттықтың Қырғыз қызметінің ("Азаттык Медиа") жұмысын тоқтату туралы өтінішті орындады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Азаттыққа сілтеме жасап.

Сотқа өтінішті Қырғызстан министрлігі түсірген. Соттан кейін Азаттықты қолдаушылар “Масқара!” (“Позор”) деп айқайлады.

Министрлік өкілдері шағымда Азаттық сайтын жабуға түрткі болған қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы "Настоящее время. Азия" арнасының бағдарламасы жойылмағанын және әлеуметтік желіде таратылып жатқанын жазған. Шағым түсіруші тарап "Азаттык Медианың" заңға қайшы әрекет етіп отырғанын, "БАҚ туралы заңда" соғысты насихаттауға тыйым салынғанын алға тартқан.

"Азаттык Медиа" алғашқы күннен-ақ биліктің әрекетін заңсыз екенін дәлелдеуге тырысқан.

Бірқатар халықаралық ұйымдар, саясаткерлер, жүздеген қырғыз тұлғалары Азаттыққа еркін ақпарат таратуға мүмкіндік беруді талап еткен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты
Бүгін, 14:57

Қайрат Боранбаев шартты жазасын жеңілдетуге тырысты

Сотталған кәсіпкер Қайрат Боранбаев бостандығын шектеу жазасын жеңілдетуге тырысып жатыр
FlyArystan әуе компаниясы қол жүгі 5 келіден асса не істеу керектігін түсіндірді
Премьер-министр Олжас Бектенов Алматы тауларындағы құрылыстар жөнінде депутаттардың сауалына жауап берді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →