×

Қол соғып, қошемет көрсетті: Әуеде жолаушылар мен экипаж мүшелері әйелді босандырып алды

Uzbekistan Airways бортында сәби дүниеге келді

Қол соғып, қошемет көрсетті: Әуеде жолаушылар мен экипаж мүшелері әйелді босандырып алды
коллаж Qaz365.kz

26 сәуір күні Ташкент-Стамбул бағыты бойынша әуеге көтерілген Hy273 рейстің бортында шақалақ өмірге келді, деп хабарлайды Qaz365.kz  тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Дереккөздің хабарлауынша, толғақ Ыстамбұлға жақындағанда басталған. Ситора А. Есімді 1996 жылы туған жолаушы бортсеріктерге денсаулығы нашарлағанын айтқан. Жағдайды бағамдаған бригадир борт дәрігерлеріне жүгінген. Сүт пісірім уақыттан соң жолаушы жүктіліктің 28-аптасында шекесі торсықтай ұл баланы дүниеге әкелген.

Ұшақ жерге қонғаннан кейін Стамбул халықаралық әуежайының медициналық қызметкерлері бортқа көтерілді. Ана мен жаңа туған нәресте бірден клиникаға жеткізілді, олардың жағдайы тұрақты. Әуе компаниясы ұжымының атынан ата-аналарды кішкентай отандасымыздың жарық дүние есігін ашқанымен құттықтаймыз, бортта босануға көмектескен экипаж мүшелері мен дәрігерлерге алғыс айтамыз. Бәлкім, Дүниежүзілік ұшқыш күнінде дүниеге келген сәби өмірін аспанмен және авиациямен байланыстыратын шығар, делінген хабарламада. 

Оқиғадан естелік үшін Uzbekistan Airways босану кезінде қолдан келгенше көмек көрсеткен жолаушыларға естелікке сыйлық таратқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →