×

Біз олигархтар мен олардың банктерін халықтың есебінен қаржыландырып отырмыз - Жаңбыршин

Депутаттың айтуынша, монополистке айналған банкирлер елдегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға ынта да танытпайды

Біз олигархтар мен олардың банктерін халықтың есебінен қаржыландырып отырмыз - Жаңбыршин
Ашық дереккөздерден

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері»; «Жайлы мектеп»; инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымдар мен басқа да жобаларды дамытуға мемлекеттік бюджеттен, Ұлттық қордан 3 триллион теңгеден астам сомаға қаржы бөлінген. Ал, соңғы үш жылда әр түрлі жобаларға мемлекеттің кепілдігімен тартылған несие 2,2 триллион теңгені, ал Үкіметтің алған қарызы 1,8 триллион теңгені құраған. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Премьер-министрдің атына депутаттық сауал жолдаған Еділ Жаңбыршин айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Ал, негізгі мәселе, депутаттың айтуынша, бұл инвестициялық жобаларға бөлінген ақшаның негізгі бөлігі екінші деңгейдегі жекеменшік банктерге орналастырылған.

«2022 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша «Самұрық-Қазына» қорының жекеменшік банктерде орналастырылған қаржы активтері мен ақшасы 5,9 триллион теңгені құрады. Яғни мемлекеттегі қаржының көбі жекеменшік банктер арқылы айналымға жіберілген. Мысалы, жоғарыда айтылған қаржылардың 1,0 триллион теңгесін бір жекеменшік банкке орналастырсақ, бұл банк жылына орташа есеппен 150 миллиард теңге табыс табады екен. Енді есептеңіз, қанша мемлекет қаржысы мен Үкімет алған қарыздар осы жекеменшік банктер арқылы өтті?» - деді Смайыловқа сұрақ қойған ол.

Ал ай сайын инвесткірістер мен қызмет көрсетуден түсіп жатқан миллиардтар, жекеменшік банктерді Қазақстан экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін бизнес жобаларды қаржыландыруға ынталандырмайды.

«Өйткені олар басын ауыртып, ойланбайды. Оп-оңай табыс келіп тұр. Бұлар әбден қаржылық монополист болып алған! Ақиқатына келгенде біз олигархтарды және олардың банктерін халықтың, мемлекеттің қаражаты есебінен қаржыландырып отырмыз және оны тексере де алмаймыз. Сонда Үкімет, құзырлы органдар мен Агенттіктер қайда қарап отыр? Солармен бірге ме?Бір қызығы жеке банктер сияқты қызмет көрсете алатын бірқатар мемлекеттік қаржы институттары елдегі ақша активтерін орналастырудан шеттетілген және олар үлкен қаржылық шығынға ұшырауда. Мемлекет оларды банкрот қылмас үшін қаржылай көмек жасап отыр»,-  дейді депутат.

Осы ретте Жаңбыршин банктер мен қатар, квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың жұмысына тоқталды.

«Осындай жағдай квазимемлекеттік, Ұлттық операторымыз - «Қазпочта» акцонерлік қоғамында орын алып отыр. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, «Самұрық-Қазына» 2022 жылы ғана «Қазпочтаға» әлеуметтік шиеленісті төмендету үшін ескірген көлік базасын жаңарту мен жалақыны индексациялауға шамамен 11 миллиард теңге бағыттады. Соның өзінде «ҚазПочта» өткен жылы 12 млрд теңгеге шығынға ұшырады. Бұл жағдайды қалай реттейміз?» - деген депутат осы айтылған жағдайларды реттеудің шешімін ұсынды.

Оның сөзінше, жекеменшік банктерге орналастырылған «Самұрық-Қазына» Қорының 6 триллиондай қаржылық активтерінің 10%-ы ғана «Қазпочта»-ға орналастырылса, онда мемлекеттік компаниямыздың жылдық табысы шамамен 40 миллиард теңгені құрайды. Яғни «Қазпочта» донор компанияға айналады. Бюджет үнемделеді, «Самұрық-Қазына» дивидент алып, ел қазынасына қаржы құяды. Мемлекет қаржысы жеке банктердің дивидентін көбейтуге жұмсалмайды. Сол үшін де Ұлттық қордың трансфертіне тәуелділіктен біртіндеп арылу қажет.

«Жаңағы айтқан бір ғана шешім Президент тапсырмасын нақты орындауға мүмкіндік береді. Тағы бір айта кететін жайт, мемлекеттік қаржы институттары арқылы өтетін қаржыларды Парламентте, Үкіметте толық бақылай алады. Жалпы алғанда, жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, біріншіден, мемлекеттік компаниялардың қаржысын халыққа тиімді пайдалану жөнінде жан-жақты талдау жасалынып, тиісті шешімдер қабылдансын, екіншіден, Үкіметтің инвестициялық жобаларға алатын несиелері, қарыздары, оған бөлінетін бюджеттік қаражаттары мемлекеттік қаржы институттарында, бірінші кезекте «Қазпоштада» орналастырылсын, үшіншіден, «Самұрық-Қазына» қорының қаржылық активтерін кезең-кезеңмен мемлекеттік қаржы институттарына, оның ішінді «ҚазПоштаға» орналастыру мәселесі қаралсын»,- деді Үкімет басшысына талап қойған ол.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Кеше, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →