×

Атырау мұнай зауытының мұржасынан от алаулап, қала тұрғындары алаңдаушылық білдірді

"Атырау МӨЗ" ЖШС түсінік беріп, ақпараттық хабарлама таратты

Атырау мұнай зауытының мұржасынан от алаулап, қала тұрғындары алаңдаушылық білдірді
Видеодан кадр

Атырау мұнай зауытының мұржасынан жарты сағатқа жуық от алаулап, бұған алаңдаушылық білдірген қала тұрғындары әлеуметтік желіде оның видеосымен жаппай бөлісті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Аталған жайтқа қатысты "Атырау МӨЗ" ЖШС түсінік беріп, ақпараттық хабарлама таратты. 

“2023 жылдың 27 сәуірінде сағат 16:08-де каталитикалық крекинг қондырғысында технологиялық режимнің бұзылуы орын алғанын хабарлаймыз”, – делінген  "Атырау МӨЗ" ЖШС таратқан ақпараттық хабарламада.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →