×

Алматы облысы тұрғындарының дауы: жол салынуы тиіс жерді сатып жіберген

Ауыл тұрғындары бірнеше жылдан бері биліктен өз мәселесін шешуді сұрап келеді

Алматы облысы тұрғындарының дауы: жол салынуы тиіс жерді сатып жіберген
Almaty.tv

«Береке» берекелі болмай тұр. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты елді мекен тұрғындары бөлінген қаражатқа жол салынбақ түгілі, сатылып жатқанын айтып дабыл қағуда, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Almaty.tv. арнасына сілтеме жасап.

ХХІ ғасырда балалар мектепке жаяу барады. Себебі мұнда такси келмейді. Жол жоқ. Батпаққа батқан бұқараның бүгінгі күні осы.

«Әкімшілік қаржыны қайда жіберіп жатқанын білмеймін. Жылда жол саламыз деп, ақшаны шашып жатыр. Бірақ нәтиже жоқ», – дейді Береке ауылының тұрғыны Асқар Қитымыров.

«Әр үй 30 мыңнан жинап, жол төсегенбіз. Ол жолдың тозығы жетті», – дейді Береке ауылының тұрғыны Жәмилә Қалиасқарова.

Наразы тұрғындардың сөзіне сенсек, мына жолды өздері салған. Себебі әкімдіктің жөндеу жұмыстары тоқтап қалыпты. Ал мердігер компания асфальтті қай жерге төсейтінін білмейді, өйткені жауапты орган өкілдері жол салынуы тиіс жерді сатып жіберген. Егер мұнда үй тұрғызылатын болса, ары-бері қатынауымыз бұдан да қиындай түседі, дейді жұрт.

«Мынау жолдың барлығын жер телімі ретінде сатып жіберген», – дейді Береке ауылының тұрғыны Оразкүл Құрманқұлова.

Жергілікті билік өкілдерінен мардымды жауап болмады. Сметалық құжатта жол көрсетілмегендіктен осындай мәселе туындаған. Оның үстіне жобаны да біз жасамадық, бұған  дейін қызмет еткен әкімдік өкілдері істеп кеткен дейді.

«Сызбасы біздің уақытта жасалған жоқ, бұның қай кезде сызылғаны белгісіз», –  дейді Елтай ауылдық округі әкімінің орынбасары Біржан Белғожаев.

Сол қателікті түзетуге кім кедергі деген сұрағымызға тағы да жауап ала алмадық. Үнсіз тұрып, сәлден кейін бұл менің құзырымда емес деп құтылды. Енді жергілікті жұрттың жолға қатысты мәселесінің қалай шешілері белгісіз.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →