×

ЖОО басшылары арнайы тестілеуден өтеді

Бағдарлама 2023 жылғы сәуір-қазан айлары аралығында өтеді

ЖОО басшылары арнайы тестілеуден өтеді
Ашық дереккөздерден

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен қазақстандық жоғары оқу орындарының 100 басшысы Назарбаев Университетінде «Academic Leadership Institute» бағдарламасы бойынша оқуды бастады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі BAQ.KZ сілтеме жасап.

Оқу бағдарламасын іске қосу рәсіміне министр Саясат Нұрбек қатысты. Оқу барысында ЖОО басшылар құрамы – ректор, проректор, декандар және департамент директорлары білімдерін жаңартып, жоғары оқу орындарын тиімді басқару үшін қажетті жаңа дағдылар мен инновациялық технологияларды игереді.

«Academic Leadership Institute» бағдарламасы жаңа білім көзі ғана емес, сонымен қатар жоғары білім беруде басқарушылық инновацияларды тарату үшін кәсіпқойлардың нетворкингіне, мәселелерді талқылау және өзара әрекеттесуге арналған тамаша алаң болады, - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

Сондай-ақ министр семинарға қатысушыларға жоғары білім беру жүйесінің халықаралық тенденциялары туралы, оған қазақстандық білім беру жүйесінің қосатын үлесі жайлы айтты.

Курс 9 модульден тұрады, олардың әрқайсысы университеттегі белгілі бір трансформация процестерін қамтиды. Олар: университеттердің құндылық бағдарларына және олардың қоғам үшін маңыздылығы, көшбасшылық, университет құрылымын қайта қарауға, студенттік мәселелерді шешуге және академиялық бағдарламалардың сапасын қамтамасыз ету және т.б.

Бағдарлама 2023 жылғы сәуір-қазан айлары аралығында өтеді. Оқу барысында министрлік өкілдерінің, Парламент депутаттарының, сондай-ақ жоғары білім беру саласындағы ұлттық және халықаралық сарапшылардың дәрістері тыңдалады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →