×

Қызылордада екінші қабаттан құлағалы тұрған 4 жасар бүлдіршін құтқарылды

Бүлдіршін облыстық балалар ауруханасына жеткізілді

Қызылордада екінші қабаттан құлағалы тұрған 4 жасар бүлдіршін құтқарылды
Ашық дереккөздерден

Қызылорда қаласында полицейлер екінші қабаттан құлағалы тұрған сәбидің өмірін сақтап қалды. Бұл туралы Қызылорда облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 28 сәуір сағат 11:40 шамасында Қызылорда қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болды.

Сол үйдің тұрғыны екінші қабаттан бүлдіршіннің балконнан құлағалы тұрғанын байқап қалған.

Дереу полицияға хабарласып, оқиға жайында баяндаған.

«​Оқиға орнына Ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары Жандос Мәлік пен Азамат Мәмбеталиев жедел жетті. Нәтижесінде 4 жастағы бүлдіршінді құтқарып қалды. Бүлдіршінді облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір сәбидің денсаулығы қалыпты. Ол ата-анасына табыс етілді», - делінген хабарламада.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады
Кеше, 17:34

Атом электр станциясына атау беру конкурсының жеңімпаздары eGov Mobile арқылы сертификат алады

Конкурс комиссиясының мүшелері «Балқаш» атауын бірауыздан қолдады
Шараның негізгі мақсаты – қоғамда экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл көрсеткіш 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47,4 пайызға жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →