×

Жыл басынан бері бюджетке 5,7 трлн теңге салық түсті

Бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4%-ға артық

Жыл басынан бері бюджетке 5,7 трлн теңге салық түсті
Ашық дереккөздерден

2023 жылғы бірінші тоқсанда шоғырландырылған бюджет салық түсімдері бойынша 5 667,3 млрд теңгеге толықты, бұл – өткен жылғы ұқсас кезеңімен салыстырғанда 21,4% немесе 998,0 млрд теңгеге артық, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Комитет ақпараты келесідей:

  • Республикалық бюджетке 3 176,7 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 23,2% немесе 599,1 млрд. теңгеге өсті.
  • Жергілікті бюджетке 1 293,6 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,2% немесе 252,0 млрд теңгеге өсті.
  • Ұлттық қорға 1 197,1 млрд теңге түсті, 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 14,0% немесе 146,9 млрд теңгеге өсті.

2022 жылдың ұқсас кезеңмен салыстырғанда республикалық бюджетке түсімдердің үшінші елдерден импортқа ҚҚС бойынша 2 есе, ішкі өндіріс тауарларына ҚҚС 21,2%-ға, корпоративті табыс салығы 20,7%-ға және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС 2,0%-ға өсуі байқалады.

Түсімдердің өсуіне әсер еткен факторлар бар. Мәселен, 2023 жылы І тоқсанда былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда алтынға 0,8% бағаның өсуі байқалады. Үшінші елдермен тауар айналымы 2023 жылғы І тоқсанда 13,9%-ға өсті (экспорт 6,7%-ға төмендеді, импорт 1,8 есе өсті). Сондай-ақ, ЭШФ тауар айналымы 8,8 трлн теңгеге немесе 27,7% өсті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді
Бүгін, 18:20

Бишімбаев өз-өзіне екі рет қол салмақ болғанын мәлімдеді

Өзін-өзі өлтіре алмаған кезде Бишімбаев әрекеттері үшін жауап беруі керек екенін түсінгенін айтады
Соттағы сөзін Әлмира Нұрлыбекова кешірім сұраумен бастады
Судья Айжан Құлбаева Ғазымжановқа тиісті түрде әрекет етуге мәжбүр болатынын айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →