×

Қазақстандағы мектептерде ата-аналар академиясы жұмысын бастайды

Құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында

Қазақстандағы мектептерде ата-аналар академиясы жұмысын бастайды
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысы Қазалы ауданында ата-аналар және жұртшылықпен кездесуінде мектептерде ата-аналар академиясы жұмыс істейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар құқық бұзушылықтың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова баяндамасында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балаларды зорлық-зомбылықтан, суицидтің алдын алу, олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар әзірленгенін айтты.

Министрлік заңнамалық базаны жетілдіріп жатыр, оның ішінде баланың жәбірленуден қорғану құқығы бекітілді. Балалар арасындағы жәбірлеудің алдын алу ережесі, мектептердің психология қызметтің жұмыс ережесі, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік фактілерін анықтау және олармен жұмыс істеу алгоритмі қабылданды.

Еліміздің әр өңірінде бала құқықтары жөніндегі уәкілдер жұмыс істейді. Балалар мен олардың ата-аналарына жедел көмек көрсету үшін "Бала қорғау" телеграм-чаты жұмыс істейді. Айта кетейік, бұл шаралардың барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған.  

Министрлік балаларды оқыту, тәрбиелеу және дамытуда отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге бағытталған "Ата-аналар академиясы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын әзірлеп жатыр.

Кездесу соңында министр тоғыз жастағы Жансерік Әлімнің ұстазы мен ата-анасына алғыс хаттар табыс етті. Оқушы төтенше жағдай кезінде бауырларын өрттен аман алып шығып, ержүректігін көрсетті. Сондай-ақ кездесуде құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары, ата-аналар комитеттері мен қамқоршылық кеңестерінің төрағалары сөз алып, ой бөлісті. Айта кетейік, ата-аналар және жұртшылықпен осындай кездесулер еліміздің барлық өңірлерінде жалғасады.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →