×

Елтаңбаны далаға тастай салған Жетісу облысының соты айыппұл төледі

Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқықбұзушылық деп танылды

Елтаңбаны далаға тастай салған Жетісу облысының соты айыппұл төледі
Ашық дереккөздерден

Жетісу облысының соты Елтаңбаны ауласына тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл видео желіге жарияланып, полиция бірден шара қолданды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Желіге жарияланған видеода Елтаңба макеті Жетісу облыстық сотының ғимараты аумағында жерде жатқанын анық көруге болады.

«Жетісу облыстық полиция Талдықорған қаласындағы облыстық сот ғимаратының жанынан тасталған күйінде табылған Елтаңбаның макеті бейнеленген видеоны зерттеді. Жауапты тұлғалардың әрекеті әкімшілік заңнамада көзделген құқықбұзушылық деп танылғанын хабарлаймыз. Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 418-бабының 1-1-бөлігіне сәйкес облыстық сот әкімшілігінің Инфрақұрылымды дамыту бөлімінің басшысы жауапкершілікке тартылды»,- делінген Жетісу облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →