×

Алматы облысында жұмысшының бір аяғы бетон араластырғышта қалып қойған

Құтқарушылар шок алған ер адамды  жедел жәрдем бригадасына тапсырды

Алматы облысында жұмысшының бір аяғы бетон араластырғышта қалып қойған
ТЖМ

Алматы облысында құрылыс алаңында сүрініп құлаған жұмысшының бір аяғы бетон араластырғышта қалып кеткен, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ҚР ТЖМ РЖҚЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуірде сағат 16:52-де Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне құрылыс алаңында адамның аяғы қысылып қалғаны туралы Алматы облысы ТЖД-дан хабарлама келіп түсті. Құмды тиеу жұмыстары кезінде 35 жастағы жұмысшы сүрініп кетіп, салдарынан оң аяғы бетон араластырғышта қысылып қалған.

Республикалық жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушыдан құрылған  жедел тобы мен Қонаев қаласы жедел-құтқару жасағының 4 құтқарушысы  дереу оқиға орнына барды. Оқыс оқиға Іле ауданындағы Гейт Сити ықшам ауданында болған. Оқиға орнына келгеннен кейін ТЖМ құтқарушылары болгарканың көмегімен зардап шеккен ер адамның қысылған аяғын босатты, аяғы сынып кеткен екен. Құтқарушылар шок алған ер адамды “жедел жәрдем” бригадасына тапсырды.

“Жедел жәрдем” бригадасы зардап шегушіні бірден ауруханаға алып кетті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті
17.08.2025ж. 11:27

250 млн жазылушысы бар Дженифер Лопес қазақ тіліндегі әнді өз парақшасында бөлісті

Әйгілі әншінің Ain’t Your Mama әнін Мөлдір Байбусинова қазақ тіліне аударып шырқаған 
Биылғы жоба алты бағытты қамтыды: «Ғылым», «Медиа», «ІТ», «Мәдениет», «Бизнес» және «Волонтерлік»
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің соты бүгін де жалғасып жатыр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің өкілі, адвокат Жеңіс Тыныбек сотталушы Ернар Жиембайдың өз әйелін қаралуын ұят тірлікке теңеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →