×

Желіде тараған екі мас пен полицейдің төбелесіне қатысты ресми түсініктеме берілді

Олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен

Желіде тараған екі мас пен полицейдің төбелесіне қатысты ресми түсініктеме берілді
Ашық дереккөздерден

Екібастұзда көшедегі екі мас адам полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен. Орын алған оқиға барысында полицейлердің нысанды киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

22 сәуірде сағат 17:20-да Екібастұз қаласының полициясына Пішенбаев көшесіндегі дүкеннің жанында мас күйдегі адамдар ішімдік ішіп, көпшіліктің мазасын алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Полицейлер келген кезде дерек расталды. Шынымен де дүкен маңында 34 жастағы ер адам мен 32 жастағы әйел адам болған. Осыған байланысты полицейлер аталған азаматтарды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізу туралы шешім қабылдады. Олар полицейлердің заңды талаптарына бағынбай қарсылық көрсеткен. Жағдай барысында полицейлердің нысанды киім-кешектері мен қызметтік көлік құралдары зақымданған», - делінген полиция хабарламасында.

Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша ұсталғандар «орташа» дәрежелі алкогольдік масаң күйде болған. Барлығы уақытша бейімделу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 380-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны да нақтыланады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Кеше, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →