×

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды

Жазатайым оқиғаларға жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алды
Ашық дереккөздерден

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 13 адам өндірістік жарақат алған, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Асылұлан Досжанов 20 арнайы тергеу жүргізілгенін, оның 13-і өндіріске байланысты екенін айтты. Жалпы, 13 жұмысшы зардап шеккен, оның 12-сі ауыр жарақат алса, бір адам қайтыс болған.

Жазатайым оқиғаларға жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігін сақтамауы себеп болған.

«Барлық жазатайым оқиға қандай да бір техногендік сипатқа ие емес, тек жұмыс беруші тарапынан бақылаудың болмауы, қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтамауы, жеке қорғаныс құралдарымен және арнайы киіммен қамтамасыз етілмеуі сияқты адами факторлармен қатар жүреді», - деп атап өтті Асылұлан Досжанов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →