×

Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады

Ұлттық статистика бюросының мәліметі

Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұрады
Ашық дереккөздерден

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда қанша ұлт өкілі тұратыны туралы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Бюроның мәліметінше, қазір Қазақстан халқының саны - 19 808 430 адам.

"Оның ішінде 70,6 пайызы – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1 пайыз, өзбектер – 3,2 пайыз, украиндар – 1,9 пайыз, ұйғырлар – 1,5 пайыз, немістер – 1,1 пайыз, татарлар – 1,1 пайыз, әзербайжандар – 0,7 пайыз, кәрістер – 0,6 пайыз және басқа ұлттар", - делінген хабарламада.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 миллион, орыстардың жалпы санынан көпшілігі - 428 мыңы Алматыда тұрады, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.

"Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда 124 ұлт өкілі тұрады", - делінген хабарламада.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →