×

Қарабаев автонесиелендіру жайлы: Енді көлікті мұқтаж жандарға береміз

Бұл жерде де бірнеше мәселе бар

Қарабаев автонесиелендіру жайлы: Енді көлікті мұқтаж жандарға береміз
Ашық дереккөздерден

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев үкімет кулуарында автонесиелендіру бағдарламасы қалай жалғасатынын айтып берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

«Автонесиелендіру бойынша екі мәселе бар. Біріншіден, біз әр айда қайтарылған қаржы есебінен қосымша автонесиелендіруді жүзеге асырамыз дедік. Бірақ айына шамамен 1 млрд теңге қайтарылып отыр. Ол 100 көлікке жетеді. Осы уақытқа дейін 4 млрд теңгедей қаржы қайтарылды. Ол ең көп дегенде 400 көлікке жетеді. Бағдарлама жарияланғанда 5 млрд-тай қаржы қайтарылған соң, басталуы керек. Бұл - бірінші мәселе”,- деді ол.

Министрдің айтуынша, бұл жерде де бірнеше мәселе бар. 

«Автонесие арқылы көлік алғандардың тізімін жариялау. Екіншіден, бастапқы жарна болмайтын. Ол бойынша 10% бастапқы жарнаны енгізуді қарастырып отырмыз. Үшіншіден, көліктің құны 15 млн болса, 10 млн теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді қарастырып, көбірек көлік беруді қарастырамыз. Сондай-ақ белгілі бір жалақысы барларға шектеу енгізу көзделіп отыр. Белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе, көлік ала алмайды. Осылайша, мұқтаж жандарға арнап жасаймыз. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақысына қарап белгілейміз. Қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп, аяқтауды көздеп отырмыз», - дейді Қарабаев.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Еліміздегі әуежайлардың авиациялық қауіпсіздік жүйесін халықаралық тәжірибе мен стандарттарға сәйкестендіру мақсатында әуе көлігімен тасымалдауға тыйым салынған заттарды әуежайда сақтау тәжірибесі тоқтатылады
Әкімдік Берденовтің қызметінен кеткенін растамады 
Оқу-ағарту министрлігі егер мұғалімдер өз міндетіне жатпайтын еңбекке тартылып, бірақ сол үшін шағымданудан қорықса жасырын түрде арыз түсіре алатынын хабарлады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →