×

Айлығы жоғары азаматтар жеңілдетілген несиемен көлік ала алмайтын болды

Мұның бәрі мұқтаж жандарға арнап жасалып отыр

Айлығы жоғары азаматтар жеңілдетілген несиемен көлік ала алмайтын болды
Ашық дереккөздерден

Жеңілдетілген автокредит бағдарламасының шарттары қиындай түсті. Енді бұрынғыдай кез келген адам өтініш бере алмайды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бүгін Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев тілшілерге шет жағасын түсіндіріп өтті.

“Енді  автонесие арқылы көлік алғандардың тізімін жариялауымыз керек. Бұрын бастапқы жарна деген болмайтын. Алдағы уақытта 10 пайыздық жарна енгізіледі. Көліктің құны 15 миллион теңге болса, 10 миллион теңге несие берілетін. Оны да төмендетуді қарастырып, көбірек көлік беруді қарастырамыз. Ең бастысы, белгілі бір жалақысы барларға шектеу енгізу көзделіп отыр”, -дейді вице-министр.

Оның айтуынша,жаңа шарт бойынша белгіленген шекті жалақыдан асып кетсе көлік ала алмайды. 

“Мұның бәрі мұқтаж жандарға арнап жасалынып отыр. Осыған дейін көлік алған адамдардың орташа жалақасына қарап белгіленетін. Бірақ қазір қанша екенін айта алмаймын. Осы өзгерістерді бір айда енгізіп аяқтауды көздеп отырмыз”, - деді Марат Қарабаев.

Айта кетейік, бағдарлама былтырғы жылдың 16 мамырынан басталған болатын. Биыл ол онлайн жүйеге көшті. Ақпан айында  761 қазақстандық 18 секунд ішінде өтініш беріп, көлік алған болатын. Содан кейін наурыз бен сәуір айында тоқтап қалған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →