×

Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Үкімет басшысы ашуға булықты

Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін

Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Үкімет басшысы ашуға булықты
Ашық дереккөздерден

Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастаған. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

“Қазақстан 2050 жылға қарай «суға өте мұқтаж» елдердің санатына кіруі мүмкін. Қазір елімізде 600 мыңнан астам адам таза ауыз су мәселесін шешуді талап етеді. Тіпті Астананың өзінде су тапшылығы қатты сезіле бастады. Бұл ретте суды үнемдеу маңызды мәселе болып отыр. Өкінішке қарай, көптеген азамат суды үнемдегісі келмейді. Бұл мәселені шешу үшін саланы цифрландыру және тиімді тарифтерді енгізу қажет”, - деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, бұл мәселенің бәрін жаңа Су кодексі мен бағдарламалық құжаттарды дайындау кезінде ескеру керек.
Сонымен қатар Үкімет басшысы құрылысы ұзаққа созылып, халықты әбден зәрезап қылған ауыз су жобаларын сынға алды.

“Кей өңірлерде су тазарту құрылыстарын салу жұмыстары созылып кетті. Ақмола облысында бұл жұмыс 10 жылдан бері бітпей келеді. Іздестіру-барлау жұмыстары да уақытында басталған жоқ. Қарағанды облысында конкурстық рәсімдер енді ғана өткізіліп жатыр”, – деді Премьер-Министр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды
Бүгін, 12:30

Генерал ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Оның өмір жолы – барша қазақстандықтар үшін үлгі
Бұл күні акцияға қатысушылар 200-ден астам ағаш көшеттерін отырғызды
Бишімбаевтың адвокаты журналистердің сұрақтарына жауап берді
Жер дүмпуінен зардап шеккендер мен қираған нысандар жоқ

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →