×

Жамбылдағы оқу орнын кім жармақ болды

"Жарылыс бір сағаттан кейін. Тик-так, уақыттарың аз қалды..."

Жамбылдағы оқу орнын кім жармақ болды
aikyn.kz

Бүгін Тараз қаласындағы “Жамбыл политехникалық жоғары колледжіне жарылғыш зат қойылды” деген ақпарат шықты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқу орнын тәртіп сақшылары қоршауға алғанын естіген ата-аналар балаларының амандығын білуге асықты. Алайда арнайы мамандардың тексерісінен кейін білім ордасынан жарылғыш зат табылмады. Бұл жөнінде облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми мәлімдеді.

“Осы жылдың 21 қарашасында Тараз қаласы Полиция басқармасының Жедел басқару орталығына Жамбыл политехникалық колледжінен Тараз қаласының Төле би даңғылы мен Домалақ ана көшесіндегі оқу орнының барлық корпустарына жарылғыш заттар қойылғаны және 1 сағатта жарылатыны туралы Telegram парақшасына белгісіз абоненттен хат түскендігі туралы хабарлама келген.

Шақырту орнына жедел түрде Полиция департаментінің 22 автоэкипажы, 100 полиция қызметкері, арнайы саперлер мен кинолог мамандары, Төтенше жағдай және жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды. Колледж қызметкерлері мен студенттер және басқа да азаматтар қауіпсіз жерге көшірілді. Тексеру жұмыстарының нәтижесінде жарылғыш зат анықталған жоқ.

Полиция қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) тергеп-тексеру амалдары басталды”, – делінген ресми хабарламада.

Жарылғыш заттың табылмағаны қуантады. Дегенмен, Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің телеграмм чатына белгісіз номерден мынадай мәтінде хабарлама келіп түскен:

“Во всех корпусах колледжа есть заложенная мною ВЗРЫВЧАТКА. Детонация – ровно через час. Ваши собаки вам не помогут. Тик так, у вас мало времени...”

 Үрей ұшыратын мұндай жалған ақпаратты таратқандардың кім екенін құзырлы органдар анықтап жатар. Алайда, ойыннан өрт шығатынын ұмытпаған жөн.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Әнші Мөлдір Әуелбекова алғаш рет "Мамский әңгіме" подкастына сұхбат беріп, екі күйеуінен не үшін ажырасқанын ашып айтты
Бишімбаев алдымен мұндай бейне туралы білмейтінін мәлімдеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →