×

Білім беру статистикасы көпшілікке қолжетімді болмақ

Білім беру саласындағы ең маңызды ақпараттық жүйе – ол Ұлттық білім беру деректер қоры

Білім беру статистикасы көпшілікке қолжетімді болмақ
maxresdefault

Асхат Аймағамбетов білім беру статистикасын кезең-кезеңімен ашу туралы айтты, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Білім беру саласындағы ең маңызды ақпараттық жүйе – ол Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ).

“Жүйеде мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, қосымша білім беру деңгейіндегі барлық статистика мен білім саласындағы ақпарат бар. Дәлірек айтқанда, оқушылардың алған бағалары мен жетістіктері, мұғалімдердің біліктілігі, мектептердің, колледждердің, балабақшалардың материалдық-техникалық қоры және т.б.

Бұрын ҰБДҚ-дағы деректерді тек білім саласы қызметкерлері ғана пайдаланса, енді барлық ақпарат жұртшылыққа, сарапшыларға, зерттеушілерге, әкімдіктерге және басқа да мемлекеттік органдарға бірте-бірте және әртүрлі дәрежеде қолжетімді болады.

Қазіргі уақытта білім беру статистикасын жинау тетігін толығымен қайта қарау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны негізінен электронды журналдар жүйесінен алынатын бағаларды қоспағанда, ҰБДҚ-да әрбір білім беру ұйымына жауапты тұлғалардың өздері тікелей енгізетін. Енді қазір бұлтты бухгалтерия, электронды құжат айналымы және электронды кадр, электронды аттестация және басқа да жүйелерден барлық негізгі ақпаратты автоматты түрде жинау шаралары жүргізіліп жатыр. Яғни барлық ақпарат автоматты түрде деректер қорына түседі”, – делінген хабарламада.

Білім беру жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін Ұлттық білім беру деректер қорынан (ҰБДҚ) әртүрлі құрылымдарға, зерттеушілерге және жұртшылыққа арналған иесіз деректер белгілі бір параметрлер бойынша кезең-кезеңімен жалпыға қолжетімді болады. Яғни белгілі бір параметрлер бойынша кез келген адам статистикалық деректерді бақылай алады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады
24.07.2024ж. 07:40

Қымбат Досжан Жәнібектің анасы болуы мүмкін әйелдің аты-жөнін жариялады

Архивтен табылған Жәнібектің анасы болуы мүмкін азаматшаның қолхатын жариялады
Мүмкіндігінше, жүктіліктің арасы 2-3 жыл болғаны дұрыс
Отыз жылдан астам уақыт бойы құрылыс саласында еңбек еткен

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →