×

Елордада жатақхана өртенді

Алдын ала мәлімет бойынша әйел адам орташа дәрежелі көміртегі тотығымен уланған

Елордада жатақхана өртенді

Елордада өрт сөндірушілер өртенген жатақханадан 4 газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Бүгін сағат 13.01-де өрт сөндіру қызметіне Тайсойған көшесі, 10 мекенжайындағы жатақханадан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде бірнеше бөлменің жанып жатқаны, өрттің төбе жабыны мен шатырға өткені анықталды.

Елордалық өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында жатақханадан мүгедек әйел құтқарылды, ол 103 медицина қызметкерлеріне табыс етілді», – делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша әйел адам орташа дәрежелі көміртегі тотығымен уланған. Сонымен қатар өрт сөндірушілер өрт орнынан 4 газ баллонын алып шықты.

Өрт сағат 15.25-те жойылды. Қайтыс болғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 23 адам және 5 бірлік техника жұмылдырылды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев
Кеше, 09:09

Әділетті, Күшті, Таза, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз – Тоқаев

Бұл мерекенің еліміз үшін мән-маңызы айрықша
Грант иегерлері жобаларын түрлі бағытта жүзеге асырып келеді
Нысанның құрылысы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорындары есебінен қаржыландырылып, толықтай тұрғындарға табысталды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →