×

Маңғыстау облысында қожайыны жоқ екі ұңғымадан мұнай атқылап жатыр

Мұнай Жетібай ауылынан 15 шақырым жердегі «Шалва» және «Каменистое» кен орындарынан атқылаған

Маңғыстау облысында қожайыны жоқ екі ұңғымадан мұнай атқылап жатыр

Маңғыстау облысындағы ескі ұңғымалардан мұнай атқылап жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі ktk.kz-ке сілтеме жасап. Қара алтын Жетібай ауылының маңын әбден ластаған. Алайда экология департаменті ешкімді жауапқа тарта алмаймыз деп қол қусырып отыр. Өйткені мұнай шыққан ұңғымалардың қожайыны жоқ.

 “Ассалаумағалейкум қазақ елі! Жетібай кентінен 15 шақырым жерден ұңғымадан май шығып жатыр. Айналасына мал жайылады. Мұнай далаға кетіп жатыр”.

Мұнай Жетібай ауылынан 15 шақырым жердегі «Шалва» және «Каменистое» кен орындарынан атқылаған. Алайда экология департаменті екі кен орынға жауапты «Мұнай-Service» пен «Каменистое-Нефть» Серіктестігі жұмысын алты жыл бұрын тоқтатқан дейді. Содан бері кен орындары қараусыз қалған. Ал ауыл тұрғындары бұл жерден үнемі мұнай төгілетінін айтады. Былтыр да дәл осы жағдай қайталаныпты. Алайда Экология департаменті иесі жоқ кен орынға айыппұл сала алмаймыз дейді. Сондықтан залалсыздандыру жүргізіп жатыр.

“Қазір департамент тарапынан айыппұл салу мүмкіндігі ешқандай, яғни заң жүзінде тіркелген мекемеге ғана заң аясында салынады. Қазір мүмкін болмай отыр. Тек залалсыздандыру, қалпына келтіру жүргізіліп жатыр. Ұңғыманы игеру үшін компания жұмысын тоқтатқаннан кейін энергетика министрлігі аукцион өткізіп, басқа игеру жұмысын компанияларға беру жүргізіліп жатыр”, – деді Маңғыстау облысы экология департаментінің бөлім басшысы Гүлім Лұқпанова.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды
Кеше, 15:58

Шымкентте жаңа жылдық безендіруге қанша ақша жұмсалатыны белгілі болды

қосымша іс-шара өткізер болсақ, демеушілердің көмегімен өткіземіз
Қазақстан адам саудасына қарсы күрес бойынша әлем елдерінің екінші санатына кіреді
Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалған
Қылмыстық іске басшыдан бөлек мекеме қызметкерінің де қатысы бар

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →