×

МӘМС пен кепілдендірілген тегін медициналық көмек қызметі біріктіріледі

Ендігі уақытта қаржы да бір ортадан бөлінеді

МӘМС пен кепілдендірілген тегін медициналық көмек қызметі біріктіріледі
Ашық дереккөздерден

Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаев елімізде іске асып жатқан екі медициналық қызметтің біріктірілетіні туралы айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшсі.

«Қазір міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек жүйесін біріктіру бойынша жұмыс жүріп жатыр. Жалпы, медициналық ұйымдарды қаржыландыру тәсілдерін медициналық сақтандыру қорымен бірлесіп өзгертуді жоспарлап отырмыз. Бүгінде медициналық ұйымдар қызметті қормен жасалған келісімшарттар аясында ұсынады. Кейбір медициналық қызметтер бойынша қаржы жетіспеушілігінен, проблема туындап жатады»,– деді Бейбіт Есенбаев орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, ендігі уақытта қаржы да бір ортадан бөлінеді.

«Осылайша медициналық ұйымдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек жүйесі аясында қаржы алатын болады. Нәтижесінде медициналық қызметтер бойынша қаржы жетіспеушілік қаупі туындамайды», - дейді ол.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті
Кеше, 16:04

Тоқаев пен Зеленский телефон арқылы сөйлесті

Украина тарапының бастамасымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Президент Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесті
«Абай-дана, Абай-дара» атты ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды
Қорғаныс министрлігі іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр
Мемлекет басшысы ұлы ақынның мұрасы ешқашан ұмытылмайтынын атап өтті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →