×

«Бекіре – 2023»: Бір айда заңсыз айналымнан жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді

Күн сайын Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізінің акваториясы тексеріледі

«Бекіре – 2023»: Бір айда заңсыз айналымнан жарты тоннаға жуық бекіре тәркіленді
Ашық дереккөздерден

Еліміздің батысындағы үш өңірде бір айдан заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам балық тәркіленді. Оның ішінде 495,85 келі бекіре тұқымдас бағалы балық бар, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының өкілі Олег Тушкановтың мәліметіне сүйенсек, акция басталғаннан бері 432 құқық бұзушылық анықталған. Осыған байланысты 319 адам әкімшілік жауапқа тартылған.

«Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында 1 сәуірден бері «Бекіре – 2023» балық қорғау акциясы өтіп жатыр. Мәселен, 1-27 сәуір аралығында балық қорғау заңдылығын бұзушыларға жалпы сомасы 5,8 млн теңгенің айыппұлы салынды. Заңсыз айналымнан 4 тонна 370 келі балық алынды. Оның ішінде 495,85 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 28 келі бекіре тұқымдас балықтардың уылдырығы бар. Құқық бұзушылардан 158 балық аулау құралы, 33 су көлігі және 11 автомашина тәркіленді», -деп хабарлады Олег Тушканов.

Оның айтуынша, күн сайын Жайық өзенінің сағасы мен Каспий теңізінің акваториясы тексеріледі. Соның нәтижесінде жалпы ұзындығы 30 шақырымнан асатын 330 заңсыз балық аулау құралдары алынған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын браконьерлер Жайық жағасындағы қамысқа 36 келіге жуық бекіре жасырғанын хабарлаған болатынбыз.

Биылғы 9 сәуірде Дамбы балық инспекциясы мен Шекара қызметінің қызметкерлері Жайық өзенінің жағалауына тексеру жүргізген.

«Тексеру кезінде «Пешной» елді мекені тұсындағы қамыс арасынан жалпы салмағы 35,9 келі 15 бекіре тұқымдас балық табылды. Бағалы балықтың бәрі тәркіленді. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі. Балық ресурстарына келтірілген залал – 18 млн 578 мың теңге», -деп мәлім еткен еді Олег Тушканов.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант
Кеше, 11:11

Бүкіл Корея Бишімбаевты айтып жүр – қазақстандық мигрант

Қазақстандағы резонансты сот процесі ол жақта да айтылып жатқаны жөнінде ол жақында видео жариялады
Ол Бишімбаевтың Салтанатпен сөйлескен видеосының аудиосын жариялады
Бүгін блогер 24 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып, сот залына кірді
Жәбірленуші тараптың адвокаты Бишімбаевтан жауап алды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →