×

БҚО соты соғыстан қашып келген Ресей азаматын депортациялау туралы шешім шығарды

Ол алдағы күндері Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жүреді, үкім заңды күшіне енсе, Ресейге қайтуға мәжбүр болады

БҚО соты соғыстан қашып келген Ресей азаматын депортациялау туралы шешім шығарды

3 мамырда Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының соты "Ресей азаматы Игорь Санджиев Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз жолмен кесіп өтті" деп есептеп, алты жылға шартты жаза кескен және бес жылға дейін Қазақстанға кіруге тыйым салу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі azattyq.org-ке сілтеме жасап.

Қазақстан билігі оған босқын мәртебесін беруден бас тартқан.

Сот кезінде Игорь Санджиев кінәсін мойындаған және Ресейге депортацияламауды сұраған. Игорь Санджиев Қазақстаннан депортациялау туралы сот шешімін өзгерту үшін апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

“Үкімде көрсетілген жайт – шетел азаматтарына қолданылатын стандартты шара, әсіресе саяси жағдайды ескере отырып, Ресей азаматтарына сондай шешім шығарылатыны түсінікті. Сот шешім шығарған кезде маған Қазақстан босқын мәртебесін бермегенін де ескерді”, – деді Игорь Санджиев Азаттық тілшісіне.

Ол алдағы күндері Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында жүреді, үкім заңды күшіне енсе, Ресейге қайтуға мәжбүр болады.

Қазақстандағы Адам құқығы бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша бөлімшесінің директоры, құқық қорғаушы Павел Кочетковтың Азаттыққа айтуынша, сот шешімі күшіне енсе, Санджиевті кез келген сәтте Ресейге қайтарып тастауы мүмкін.

Қылмыстық іс материалына қарағанда, Ресей азаматы Игорь Санджиев "Волгоградтағы әскер бөлімнен қашты" деп жазаға тартылмас үшін 26 наурызда Қазақстан шекарасынан заңсыз өткен. Тергеу мәліметінде ол Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданындағы мемлекеттік шекара сымын ысырып, қабырғадан асып өткен деп көрсетілген.

Санджиев Украинадағы соғысқа қатысқысы келмегендіктен, Ресейден қашып шыққанын айтады. Ол Ресейге оралмас үшін Қазақстаннан босқын мәртебесін аламын деп ойлаған.

Былтыр желтоқсанда Қазақстан Ресейдегі мобилизациядан қашып келген майор Михаил Жилинге босқын мәртебесін беруден бас тартып, Ресейге қайтарып жіберген. Биыл Ресей соты Жилинді "шекарадан заңсыз өтті", "мобилизациядан қашты" деген айыппен 6,5 жылға соттап, қатаң режимдегі колонияға қамаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады
Бүгін, 18:45

2025 жылы жеке кәсіпкерлер декларацияны қалай тапсырады

20 мың АЕК-тен астам мүлік сатып алғандар декларация тапсыруды жалғастырады.  
«Shine Muscat» жүзімі түрінен карантиндік зиянкестер табылмаған
Оларға қазіргі мөлшердің 6,5%- ы қосылады
7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →